Қазақстан COP31-де метан шығарындыларын қысқарту жөніндегі шараларын таныстырды


Новости / 16 ноя 2026 18

COP31 аясында Анталья қаласында метан шығарындыларын қысқарту және Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне арналған іс-шара өтті. Оны CAREC, Global Methane Hub және Environmental Defense Fund (EDF) ұйымдары ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сабиева қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Қазақстанның метан шығарындыларын реттеуді жетілдіру, спутниктік мониторингті енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы шаралары таныстырылды. Қазақстан метан шығарындыларын қысқарту саласындағы өңірлік әріптестікті одан әрі нығайтуға және тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.

Фото: gov.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.