Түркістанда архив ісі жөніндегі өңірлік семинар өтті


Новости / 05 ноя 2026 157

Түркістанда архив ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы заңнамалық өзгерістерді және «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелерін талқылауға арналған өңірлік семинар өтті.

Семинарға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының архив ісі мамандары қатысты.

Жиында нормативтік құқықтық актілердегі негізгі өзгерістер мен оларды тәжірибеде қолдану тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ архив құжаттарын сақтау, есепке алу және пайдалану мәселелері талқыланды. Қатысушылар «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу кезінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын да қарастырды.

Семинар соңында мамандар тәжірибе алмасып, архив жұмысын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.