Жолдарда заманауи қауіпсіздік жүйелері енгізілуде


Новости / 10 ноя 2026 44

Жүргізушілердің түнгі уақытта қауіпсіз жүруіне жағдай жасау және жолдағы қауіп туралы дер кезінде ескерту үшін заманауи технологиялар енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 22 ақылы жол бөлігінде 56 лазерлік құрылғы орнатылды. Сондай-ақ жол қоршауларына жарық шағылыстыратын элементтер орнатылып, қарсы бағыттағы көліктердің жарығынан қорғайтын экрандар қолданылуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев хабарлады. Бұдан бөлек, ақылды жол белгілері мен ақпаратты өзгертіп көрсететін электрондық таблолар сынақтан өткізіліп жатыр.

«Бұл құрылғылар жүргізушілерге көктайғақ, қар, қатты жел, қозғалыс шектеулері және жылдамдықты төмендету қажеттігі туралы жедел ескертуге мүмкіндік береді», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Ауа райы мен жол жағдайы өзгерген кезде жүргізушілерді дер кезінде хабардар ету үшін 282 ауыспалы ақпараттық жол белгісі мен 142 электрондық табло орнатылған. Қосымша тағы 110 құрылғыны орнату жұмыстары аяқталып қалды. Сондай-ақ Астана – Теміртау және Алматы – Қонаев бағыттарында үздіксіз бейнебақылау жүйесі пилоттық тәртіппен жұмыс істеп тұр.

Д.Иманашев жүргізушілерді ақпараттандыру жүйесі де жетілдіріліп жатқанын атап өтті. Осы бағытта «ҚазАвтоЖолдың» ақпараттық жүйелері навигациялық платформалармен біріктірілді. Енді жол қозғалысына уақытша шектеу қойылғаны немесе қозғалыстың қайта ашылғаны туралы мәліметтер цифрлық сервистерге жедел жіберіліп, пайдаланушылардың карталарында көрсетіледі.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.