Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе рейстерінің жиілігін арттыру туралы келісімге келді


Новости / 05 ноя 2026 154

Ташкент қаласында «Қытай – Орталық Азия» (C5+1) азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобы конференциясы аясында Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік өкілдері арасында екіжақты келіссөздер өтті.

Қазақстан делегациясын ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева басқарды. Өзбекстан тарапынан келіссөздерге Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің Әуе көлігі басқармасының басшысы Джамолиддин Назаров қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар әуе қатынасын одан әрі кеңейту, тұрақты рейстердің жиілігін арттыру және екі елдің ірі қалалары арасындағы әуе тасымалының қолжетімділігін жақсарту мәселелерін талқылады.

Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысы бойынша аптасына рұқсат етілген рейстер санын 60-қа дейін арттыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы басқа бағыттар бойынша рұқсат етілген рейстер санын аптасына 14-тен 20 рейске дейін ұлғайтуға келісті.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру сұраныс жоғары бағыттар бойынша әуе тасымалы ұсынысын арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағынының өсуі, іскерлік және туристік байланыстардың жандануы әуе тасымалына деген сұраныстың артуына ықпал етіп, екі ел арасындағы көлік қатынасын нығайтуға қосымша мүмкіндіктер ашады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.