Қазақстанда қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиада басталады


Новости / 02 ноя 2026 162

3 қарашада еліміздің барлық өңірінде 9-11 -сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық бойынша республикалық олимпиаданың бірінші, мектепішілік кезеңі өтеді. Сайыс Smart Daryn платформасында ұйымдастырылады.

Төрт кезеңнен тұратын олимпиада оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және қаражатты жауапкершілікпен басқару мәдениетін дамытуға бағытталған.

Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік, цифрлық этика, жеке және отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестиция негіздері мен жауапты тұтыну бағыттары бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша әр ауданнан ең жоғары балл жинаған 30 оқушы екінші кезеңге жолдама алады. Аудандық кезең 14 желтоқсанда Smart Daryn платформасында онлайн форматта өтеді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.