Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін белгілі болады


Новости / 16 июл 2026 7

Биыл шілденің 13-інде жоғары білім алуға берілетін мемлекеттік грант конкурстарына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Құжаттарды 20 шілдені қоса алғанда, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн және жоғары оқу орындарының виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн, сондай-ақ eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер жеке куәлігін, ҰБТ сертификатын, 3×4 көлеміндегі фотосуретін, білім туралы құжатын, сондай-ақ жеңілдік санаттары бойынша конкурсқа қатысу құқығын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) ұсынуы қажет.

«Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балдары бекітілген. «Педагогикалық ғылымдар» мен «Құқық бағыты бойынша 75 балл жинау қажет. «Денсаулық сақтау» бағыты үшін кемінде 70 балл, ұлттық ЖОО-ы үшін 65 балл, басқа ЖОО-ы үшін 50 балл болуы керек. Бұл жерде ұлттық университетке «Ауыл шаруашылығы» мамандығы бойынша түсетіндерге шекті балл 50 екенін атап өткім келеді. ЖОО мемлекеттік білім грантына немесе ақылы оқуға құжат қабылдау кезінде өздерінің бұдан жоғары шекті балын немесе қосымша емтихандарын белгілеуі мүмкін. Бұл шекті балл туралы ақпаратты ЖОО сайттарынан, қабылдау комиссияларынан білуге болады. Сондай-ақ ҰТО сайтында да орналастырылған», – деді Г.Жарасова.

Ауылдық жерлердің талапкерлері мен әлеуметтік осал топ санаттарына жататын азаматтар үшін мемлекеттік квоталар қарастырылған. Квоталар туралы ақпарат та осы ресурстарда қолжетімді.

2026-2027 оқу жылына 89 мың грант бөлінген. Оның 75 мыңы жоғары білім, бакалавриат деңгейіне арналған. Гранттардың 60%-ға жуығы инженерлік бағыт бойынша, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға беріледі. Бұл бөлініс еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып жүзеге асады. Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 10 тамызға дейін жарияланады.

Айта кетерлігі, қазақстандық студенттер елден шықпай-ақ шетелдік ЖОО-ның филиалдарында білім ала алады. Қос диплом бағдарламасы да бар. Еліміз әлемнің 33 университетімен серіктестік орнатқан. Филиалдарға қабылдау саясатын ЖОО өздері анықтайды, мұнда ҰБТ нәтижелері ескеріледі.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.