Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында ЖЭО құрылысы жайлы хабарлама
Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін сақтау, экономиканы және ел халқын сенімді электрмен жабдықтау мақсатында, сондай-ақ елдің бірқатар өңірлерінде тұтынудың өсуіне байланысты Орта мерзімді перспективада болжанатын электр энергиясының тапшылығын жою үшін жаңа энергия қуаттарын енгізу қажет.
Осыған байланысты Көкшетау қаласында, Семей қаласында және Өскемен қаласында ЖЭО көмір генерациясы базасында құрылыс салу мүмкіндігі қарастырылуда.
Бұл жобаларды іске асыру халықаралық қаржы институттарының көмір генерациясын құруға қатысудан бас тартуын ескере отырып, біраз қиындықтар туғызуда.
Қазіргі уақытта қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес ҚР Энергетика министрлігі жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін, ресейлік серіктестер «Интер РАО – Экспорт» тарапымен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысы жобасы бойынша қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) бар. Қаланы одан әрі газдандыруды ескере отырып, табиғи газға көшіру мүмкіндігі бар көп отынды шаң көмір қазандықтарын орнату көзделген.
Жобаның ТЭН-і қазір мемлекеттік сараптамада.
Бұған дейін жеке инвесторларды тарту мақсатында тендер өткізу арқылы Көкшетау қаласында ЖЭО құрылысын іске асыру әрекеттері жүзеге асырылған болатын. Алайда тендерлер (а.ж. 4-31 қаңтар және А. Ж. 13 ақпан мен 15 наурыз аралығында) өтінімдердің болмауына байланысты өткізілмеді деп танылды.
«Семей қаласында ЖЭО-3 құрылысы» жобасы қазіргі уақытта ТЭН әзірлеу сатысында тұр. Осыған байланысты жобаның сметалық құны, сондай-ақ оның техникалық параметрлері әлі белгісіз. Алайда, жаңа станцияның соңғы параметрлері ТЭН әзірлеу кезінде анықталады. Мемлекеттік сараптама қорытындысын ала отырып, ТЭН әзірлеуді аяқтау мерзімі – 2023 жылғы желтоқсан.
Өскемен қаласындағы «ЖЭО-2 салу» жобасы Ертіс өзені арқылы өтетін жылу магистральдарын сала отырып орташа қысымды жабдықтың шығатын жылу қуатын алмастыру үшін 100% орталықтандыруға және жылуды қаланың оң жағалау бөлігіне беруге жататын қатты отын негізгінде қарастырылуда. Осы ЖЭО бойынша ТЭН әзірлеуді 2024 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.