Елімізде 8 900 шақырым республикалық автожолдарда жөндеу жұмыстары жүргізілмек


Новости / 22 апр 2026 23

Атап айтқанда, 3 400 шақырымда – құрылыс және жаңарту, 324 шақырымда – күрделі жөндеу және 5 200 шақырымда – орташа жөндеу. Жоспарланған жұмыстарды орындауға 12 мың бірлік арнайы техника, 25 мыңнан астам маман және 193 асфальтбетон зауыты жұмылдырылады. Жобаларды жүзеге асыру барысында 10 млн текше метр қиыршық тас пен 1,3 млн тонна отандық битум қолданылмақ. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ брифингінде хабарлады. Оның айтуынша, халықаралық және республикалық маңыздағы автожолдардың желісін жаңғырту аясында 3 400 шақырымда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары басталды.

«Биыл ұзындығы 2 153 шақырымды құрайтын ауқымды 7 жаңа жоба бар. Олар: Орталық-Батыс, Қарағанды-Жезқазған, Атырау-Доссор, Қызылорда-Сексеуіл, сондай-ақ Сарыағаш, Қызылорда және Петропавл қалаларының айналма жолдары. Атап өту керек, осы аталған барлық жобалардың құрылысында отандық тауар өндірушілердің материалдарын пайдалану және жергілікті мамандарды тарту көзделген. Сонымен қатар жылдың соңына дейін Ұлытау облысы бойынша 208 шақырым болатын Қызылорда-Жезқазған автожолының негізгі құрылыс жұмыстарын аяқтап, екі облыс арасындағы қозғалысты толықтай ашуды жоспарлап отырмыз», - деді спикер.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.