Жылыту маусымына дайындыққа Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді


Новости / 11 сен 2026 17

Елдің энергетикалық инфрақұрылымын жылыту маусымына дайындау бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭМ Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов хабарлады.

Оның айтуынша, жылу көздерін жөндеуге және салуға 12,7 млрд теңге, жылу желілерін салуға және реконструкциялауға 8,4 млрд теңге, электр желілерін реконструкциялауға 6,8 млрд теңге бөлінді.

«Ағымдағы жылы 377 шақырым жылу желісін жөндеу және реконструкциялау үшін 196,8 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда орындалу деңгейі 89%-ды құрайды. Жөндеу қорытындысы бойынша жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 48%-ға дейін төмендейді деп күтілуде», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.