Жошы мен Керейді Хантауынан ажыратуға болмайды!


Новости / 05 мар 2024 23

Біздің өңірде Қазақ хандығының туы көтерілген делініп жүрген екі Қозыбасы бар. Бірі – Қордай ауданында , екіншісі – Мойынқұм ауданында. Керей мен Жәнібек сұлтандардың 1456 жылы қазақ хандығын құрып, келелі жиын өткізіп, хан тағына отырып , қазақ туын осы екі Қозыбасының біріне қадағаны – тарихи ақиқат. Алайда , қай жылы , қай Қозыбасыға қазақ туын қадады. Бұл жөнінде ғалымдар екіұдай пікірде.

Мойынқұм өңіріндегі Хан тауын Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан мекендегенін тарих растайды. Бұл өңір ол кездері құландардың мекені болған деседі. Бірде Жошы ханның еріккен баласы қасында адамдары бар аңға шығады.Аңшылар сай-саймен бөлініп кеткенде ханның баласы бір топ құланның үстінен түседі.Топтың ішіндегі құланның жасамысы баланың жасаған айбарына қарамай ат үстінен баланы шайнап, жулып алып таптап, тепкілеп өлтіреді. Хан қаһарына мініп құлан біткенді қырамын деп, ор қазып құландарды қамаған жер «Хан қорасы», құланды қырған ор «Ханның оры» атанады. Олардың сілемдері әлі жатыр. Аңыз әңгімелерде осы оқиғаға байланысты «Ақсақ құлан» күйін – ғасырда өткен, атақты күйші Ершедегей деген адам шығарған екен. Қырылған құландардың сүйегі тау-тау болып үйілген жерді кейін Ақсүйек деп атайды. Сүйікті баласының қазасынан кейін Жошы хан көп тұрақтамай , терістікке бет алып, кейінірек Арқа төсіндегі Улытау баурайында ұзақ жылдар тұрақтап кейін Қаракеңгір өзенінің бойында қайтыс болып, оған кесене тұрғызылғаны белгілі.

2015 жылы Қазақ хндығының 550 жылдық мерекесі тойланар қарсаңында облыс әкімі К.Көкірекбаевқа хат жазып ,игі шараны киелі Шу өңірінде бастап, Хантауының баурайындағы Теректі өзенінің көрікті жеріне Керей ханға кесене орнату жайлы қозғалған болатын. Өткен жылы «Бурылбайтал Мерке» тас жолы пайдалануға беріліп, жөнделетін жолдар едәуір қысқарды, бірақ, ұлттық мемлекеттігіміздің қарашаңырағы атанған Хантауындағы қасиетті мекендер Қазақстанда белгіленген 100 киелі орындар тізімінен де тысқары қалып қойды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.