Балық шаруашылығы кешенін дамыту: негізгі қолдау шаралары


Новости / 09 июл 2026 11

ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетовтің айтуынша, 2024 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңейту аясында балық өсіру және өңдеу жобаларын қаржыландыру үшін балық шаруашылығы субъектілеріне жылдық 2,5%-дық жеңілдетілген мөлшерлемемен бюджеттік несие беру тетігі іске қосылды.

Сонымен қатар Каспий теңізінде килька аулаудың рұқсат етілген лимиті 8 мың тоннадан 42 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Соның нәтижесінде салаға инвесторлар тартылып, қазіргі уақытта екі теңіз кәсіпшілік кемесінің көмегімен килька аулау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ еліміздің барлық теңіз порттарында балық аулау кемелері үшін порт қызметтеріне 70%-дық жеңілдік қарастырылған. Бұл қолдау шаралары заңнамалық деңгейде де бекітілді.

«Биыл әкімдіктермен бірлесіп, жалпы құны шамамен 20 млрд теңгені құрайтын 14 әлеуетті жоба айқындалды. Бүгінде балық шаруашылығының 10 субъектісі жалпы сомасы 8,7 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

«Аквашаруашылық туралы» заңды іске асыру аясында аквашаруашылық субъектілеріне су беру қызметтерін субсидиялау, айналым қаражатын толықтыруға жылдық 5%-бен жеңілдетілген несие беру, инвестициялық мақсаттарға жылдық 6%-дық несие ұсыну және өзге де мемлекеттік қолдау тетіктері көзделген.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.