ҚР ДСМ: Халықтың вакциналауға деген сенімін нығайту аса маңызды


Новости / 23 апр 2026 19

Себебі жалған ақпараттың таралуы және инфекциялардан сақтанудың төмендендігі қоғамдық денсаулыққа қосымша қауіп төндіруде. Осыған байланысты мемлекеттік денсаулық сақтау органы екпелердің маңыздылығын түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді түрде жалғастыруда. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деп мәлімдеді.

«Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірі Еуропалық иммундау апталығын өткізеді, аталған апталықтың мақсаты - инфекциялық аурулардың алдын алу және вакциналаудың маңыздылығы туралы халықты белсенді түрде хабардар ету. 2026 жылы Еуропалық иммундау апталығы 19-25 сәуір аралығында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» деген ұранмен өтеді. Еуропалық иммундау апталығы – бұл вакцинация тек жеке қорғану ғана емес, сонымен қатар ұжымдық қауіпсіздікке қосқан үлес екенін тағы бір рет атап өту мүмкіндігі. Өзімізді қорғау арқылы біз балаларымызды, қарттарымызды және иммунитеті төмен адамдарды қорғаймыз», - деді спикер.

Роза Қожапова барлық азаматты өзінің және балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, уақытылы екпе алып, ғылыми расталған медициналық ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.