Бұрын БЖТ төлеген азаматтар қайтпек?


Новости / 03 фев 2024 47

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен, жұмыскерлерді жалдамаған, 2023 жылы табысы 4,1 млн.теңгеден немесе 1 175 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін ғана 5 жылға уақытша енгізілді (2019 жылдан 2023 жылға дейін). БЖТ соммасы республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, Астанада 1 АЕК (2023 жылы 3 450 теңге) және басқа елді мекендерде – 0,5 АЕК (2023 жылы 1 725 теңге) құрады.

Қай салық режимін таңдау керек?

«E-salyq Вusiness» мобилді қосымшасы Ең қолайлы режимдердің бірі «E-salyq Вusineѕѕ» арнаулы мобилді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимі болып табылады.

Бұл режимді кірісі 2024 жылы жалдамалы қызметкерлерсіз қызметтің 33 түрінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыратын 13,0 млн. теңгеден (жылына 3 528 АЕК) аспайтын азаматтар қолдана алады (Салық кодексінің 686-2-бабы 1-тармағының 3 тармақшасы).

Тағы қандай оңайлатылған режимдерді қолдануға болады?

Басқа арнаулы салық режимдерін белгіленген шарттарға сәйкес қолдануға болады, мысалы: патент – салық ставкасы кірістен 1%, шығыстар есепке алынбайды (патент 1 айдан бір жылға дейін сатып алынады);

оңайлатылған декларация –салық ставкасы кірістен 3 %, шығыстар есепке алынбайды (есептілік жартыжылдықта 1 рет беріледі).

Әлеуметтік төлемдер

Аталған режимдерді қолданған кезде әлеуметтік төлемдерді де төлеу қажет. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 2024 жылға 18 700 теңгені құрайды. Жеңілдікті санаттағы азаматтар: мүгедектігі бар тұлғалар, ҰОС қатысушылар мен оларға теңестірілгендер, бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар, студенттер.

Маңызды: Әлеуметтік төлемдер салықтарға жатпайды және кәсіпкердің өз пайдасына төленетін төлемдер болып табылады (міндетті зейнетақы жарналары – ең азы 8 500 теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары – ең азы 1275 теңге, әлеуметтік аударымдар – ең азы 2975 теңге, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарна – 5950 теңге).

БЖТ төлеуші, бірақ кәсіпкер емес

Егер азамат кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаса (мысалы, үй шаруасындағы әйелдер және басқалары), онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарнаның өзің төлей алады (ай сайын 4 250 теңге). Оны банктік қосымшаларда жасауға болады. Мемлекет ол үшін осындай жарналарды төлейтін жағдайлардан басқа.

Маңызды: Мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарнаны адамдардың 15 санаты үшін, оның ішінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдарға, жұмыс істемейтін жүкті әйел, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста жүрген адамдарға, бала (балалар) үш жаста толғанға дейін бала (балалар) күтімі бойынша демалыста жүрген адамдарға төлейді.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.