Мәдени инфрақұрылым: өңірлерде 64 жаңа нысан салынып жатыр


Новости / 18 мая 2026 21

Елімізде мәдени инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Талап Шерхан айтты.

Оның сөзінше, былтыр 61 мәдениет нысанының құрылысы басталып, 252 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал биыл елімізде 64 мәдениет нысанының құрылысы жалғасып жатыр.

«Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп өңірлердегі 34 мәдениет үйі мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары қолға алынған. Бұдан бөлек, ірі республикалық мәдениет ұйымдарын жаңғырту мен қайта жаңарту жобалары жүзеге асырылуда. Маңызды жобалардың қатарында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театры ғимараттарын қайта жаңғырту жұмысы бар. Сондай-ақ Алматы қаласында шығармашылық оқу орындарының студенттеріне арналған 500 орындық жатақхана салынып жатыр», – деді спикер.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.