ҚХР-мен шекарадағы «Бақты» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады


Новости / 13 ноя 2023 26

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 2023 жылғы 10 қарашадан бастап ҚР және ҚХР мемлекеттерінің басшылары қол қойған визасыз режим туралы келісім негізінде жеке, іскерлік және емдеу мақсатында екі тараптың азаматтары үшін 30 күн (туристік) мерзімге визасыз режим енгізілген.

Осыған байланысты мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесіндегі өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өту қарқыны күшейеді деп күтілуде. Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттерін нақты жабусыз жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Оның ішінде Абай облысының «Бақты» өткізу пункті де бар. Бұл ретте «Бақты» өткізу пунктінде қазіргі уақытта шекарадан өту келісілген уақытша технология бойынша жүзеге асырылады. Сәйкесінше, реконструкциялау уақытына бақылау барысында жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Екі тарап азаматтарының қауіпсіздігі мақсатында 2023 жылғы 10 қарашадан бастап реконструкциялау кезеңінде Абай облысының «Бақты (ҚР) – Покиту (ҚХР)» өткізу пунктінде жеке тұлғалардың өткізілуі уақытша тоқтатылады. Шығыс Қазақстан облысының «Майқапшағай (ҚР) – Зимунай (ҚХР)», Жетісу облысының «Алакөл (ҚР) – Алашанькоу (ҚХР)», «Нұр жолы (ҚР) – Қорғас (ҚХР)», Алматы облысының «Қалжат (ҚР) – Дулаты (ҚХР)» өткізу пункттерінде жеке тұлғалардың өтуін ұйымдастыру штаттық режимде жүзеге асырылады. Осылайша, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғалардан Қытай Халық Республикасына тек жоғарыда аталған өткізу пункттері арқылы шығуды алдын-ала жоспарлауды сұраймыз.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.