Мәжіліс дербес деректерді қорғауға бағытталған заң жобасын I оқылымда қарайды


Политика / 21 сен 2023 20

Астана, 21 қыркүйек, Мәжіліс үйі. Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Жалпы отырыста депутаттарға ақпараттық қауіпсіздік мәселелері туралы заң жобасын талқылау ұсынылады. Бұл заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжат дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізуге, «дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу» ұғымын анықтауға және жеке басын куәландыратын құжаттардың қағаз көшірмелерін жинауға және өңдеуге тыйым салуды белгілеуге бағытталған. Заң жобасы 12 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Депутаттар алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Кипр арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын қарайтын болады. Сонымен қатар Бюро отырысында «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы» мәселесі бойынша парламенттік тыңдау өткізу жөнінде мәселе қаралды.

Мәжілістің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.