Балық шаруашылығы саласында 41 ірі жобадан тұратын пул қалыптастырылды


Новости / 09 июл 2026 9

2021–2025 жылдары аралығында елімізде балық өсіру және өңдеу бағытында жалпы құны 24 млрд теңгені құрайтын 95 жоба іске асырылды. Бұл жобалардың жылдық жалпы өндірістік қуаты 22 мың тоннадан асады.

«Қазіргі уақытта балық шаруашылығы саласында 2028 жылға дейін іске асырылатын, жалпы инвестиция көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрайтын 41 ірі жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Олардың ең ірілері Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Маңғыстау облыстарында жүзеге асырылады», – деді ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Спикердің айтуынша, жақын арада Ақмола облысында жылдық қуаты 25 мың тонна болатын балық жемін өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталады. Қазіргі уақытта отандық өндірушілер жылына шамамен 11 мың тонна балық жемін өндірсе, елдің қажеттілігі 72 мың тоннаны құрайды.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.