Еңбек министрлігі А және В санаттарына кімдер жатқызылатынын айтты


Новости / 16 окт 2026 6

Үй шаруашылықтарын А және В санаттарына жатқызу кезінде материалдық әл-ауқатының белгіленген екі немесе одан да көп белгісі ескеріледі. Бұл критерийлер туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтып берді.

А санаты – әл-ауқат деңгейі жоғары отбасылар. Бұл санатты анықтау үшін белгілердің кемінде екеуі қатар болуы қажет. Бір адамға шаққандағы айлық кіріс 356 мың теңгеден басталғанда, жалпы ауданы 120 шаршы метрден асатын бірнеше тұрғын үйі болғанда, ірі бизнес және люкс санатындағы автокөлік болғанда әл-ауқаты жоғары деңгейдегі отбасыға жатады. Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін 300 гектардан астам ауыл шаруашылығы жерінің болуы да ескеріледі. Бұл санатқа 329 мың немесе 5% үй шаруашылықтары жатады.

В санатын анықтау кезінде отбасының әр мүшесіне шаққандағы айлық табыстың 305 мыңнан 356 мың теңгеге дейін болуы, бір адамға шаққанда 60–120 шаршы метр аумаққа сәйкес келетін бірнеше жылжымайтын мүлік нысанының, премиум санатындағы автокөліктің және орта бизнестің болуы ескеріледі. Сонымен қатар жүк көлігі, ауыл шаруашылығы техникасы және 50–300 гектар аралығындағы жер учаскелері есепке алынады. Министрдің айтуынша, В санатына шамамен 1 млн үй шаруашылығы немесе 16%-ы жатады.

«Республикалық бюджет қаржыландыратын 36 түрлі жәрдемақының тек 14 түріне ғана мұқтаждық критерийі енгізіледі. Олардың қатарында балалы отбасыларға берілетін жекелеген төлемдер, мүгедектікке, күтімге, асыраушысынан айырылуға байланысты жәрдемақылар, жерлеуге берілетін төлемдер және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар бар. С, D және Е санатындағы отбасылар аталған төлемдерді алу құқығын сақтайды. А және В санатындағы отбасылар үшін бұл төлемдерді алу мүмкіндігі шектеледі. Қалған 22 түрлі жәрдемақы бұрынғы тәртіппен тағайындалады», – деді спикер.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.