Қазақстанда су ресурстарын үнемдеу мақсатында күріш егісінің көлемі 21,6 мың гектарға қысқартылды


Новости / 17 сен 2026 5

Ағымдағы вегетациялық кезеңге дайындық аясында болжамды су балансы ескеріліп, оңтүстік өңірлерде көшпелі кеңестер өткізілді. Олардың қорытындысы бойынша су пайдалану лимиттері келісіліп, егіс алқаптарының құрылымы оңтайландырылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов хабарлады.

«Суды көп қажет ететін күріш дақылының егіс көлемі 21,6 мың гектарға, яғни 100,5 мың гектардан 78,9 мың гектарға дейін қысқартылды. Қызылорда облысында – 10,7 мың гектарға, Алматы облысында – 3,2 мың гектарға, Түркістан облысында – 7,4 мың гектарға, Жетісу облысында – 0,3 мың гектарға. Қабылданған шаралар суармалы судың тұрақты берілуін қамтамасыз етуге және вегетациялық кезеңді тұрақты өткізуге мүмкіндік берді», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Биылғы вегетация кезеңінде 1,1 млн гектарға жуық егістік алқапты суаруға 11,1 млрд текше метр су пайдаланылды.

Фото: istockphoto.com

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.