Қазақстанда резонанстық тұтынушылық істердің есебі жүргізілуде


Новости / 25 мая 2026 22

Құқықтық сауаттылықты арттыру үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы резонанстық істердің есебі жүргізіледі. Мұндай істер үш негізгі критерий бойынша айқындалады: шығын сомасы 5 млн теңгеден астам, бір мәселе бойынша бес және одан да көп тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ азаматтардың құқықтары жаппай бұзылған жағдайда тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап қою. Бұл туралы ҚР СИМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов хабарлады.

«Осы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша «тұтынушыларға кемінде 5 млн теңге қайтарылған қаражат сомасы» критерийі бойынша жалпы сомасы 190 млн теңгеге 18 тұтынушының (қайтару, айырбастау, ауыстыру) құқықтары қорғалды. Ал «Бір мәселе бойынша құқықтары қорғалған тұтынушылар саны – 5 және одан көп» критерийі бойынша 6 резонанстық іс қаралып, 31 тұтынушының құқықтары қорғалдып, 4,2 млн теңге өтелді. Сонымен қатар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес оннан астам тұтынушының құқықтары бұзылған жағдайда бір мәселе бойынша тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау жөніндегі сотқа жүгіну» критерийі бойынша 3 резонанстық іс бойынша 1,8 млн теңге сомасына 44 тұтынушының құқықтары қорғалды», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.