Қазақстанда ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға назар аударылады


Новости / 10 сен 2026 21

«Ұлттық энергия үнемдеу орталығы» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Смағұлов ОКҚ алаңында өнеркәсіп секторына баса назар аудара отырып, энергия тиімділігін арттыру бағытында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар оң нәтиже беріп отырғанын атап өтті.

Соңғы жылдары энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі ғимараттар секторының үлесі біртіндеп артып келеді. Осыған байланысты алдағы уақытта ғимараттардың энергия тиімділігін арттыруға, оның ішінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және заңнамалық бастамаларды іске асыру арқылы ерекше назар аудару көзделген.

«Қолданыстағы тетіктерді жетілдіру, цифрландыру және нақты шараларды іске асыру, энергия ресурстарын ұтымды пайдалану және экономикадағы энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – энергияны тек үнемдеу емес, оны тиімді әрі ұтымды пайдалану қағидатын қалыптастыру, энергия ресурсын пайдалану тиімділігін арттыру және оны экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторына айналдыру», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.