Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119-орыннан 52-орында


Новости / 06 июн 2024 9

Рейтинг Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмді дамыту жөніндегі индексіне сәйкес қалыптастырылады. Екі жыл бұрын еліміз 117 елдің ішінде 66-шы орынды иеленген болатын, осылайша бірден 14 позицияға көтерілді.

«Біздің ұзақ мерзімді мақсатымыз - осы рейтингтің үздік 50 еліне кіру. Қазір біз осы мақсаттан екі позицияда тұрмыз. Баға бәсекеге қабілеттілігін, қызмет көрсету сапасын және әлеуметтік-экономикалық әсерді қоса алғанда, әртүрлі критерийлер бойынша рейтингті жақсарту біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді», - деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.