Жалған ақпараттан сақ болыңыз!


Новости / 19 ноя 2023 20

18 қараша күні Болат Назарбаевқа арналған еске алу кешіне шақырылған жамағат тізіміне байланысты жалған ақпарат тарап кетті. Соған байланысты, ҚР Энергетика министірінің кеңесшісі хабарландыру жасады.

Жалған ақпараттан сақ болыңыз!

“18 қарашадан бастап еліміздегі кейбір БАҚ Ulysmedia ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып, ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Болат Назарбаевты еске алу іс-шарасына қатысуы туралы жалған ақпарат таратуда.

Бұл мәлімет жалған және шындыққа сәйкес келмейді, министр аталған іс-шараға қатысқан жоқ. Ulysmedia кейінірек өз материалына түзетулер енгізді, бірақ өзге басылымдарда дұрыс емес ақпаратпен таралу жалғасуда.

Осыған байланысты, әріптестерге жалған мәліметтерді тарату заңмен жауапқа тартылатынын еске саламын. Жарияламас бұрын оқырмандарды жаңылыстырмас үшін мәліметтерді тексеру сұралады. Мен 24/7 байланыстамын және әркезде сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын”,-ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі,Шыңғыс Ильясов.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.