Тараз қаласында «Қазфосфат» -қа тиесілі 16 миллион тоннадан астам фосфогипс жинақталған


Ашық дереккөздерден алынған мәліметтерге сәйкес, Жамбыл облысы Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытының қызметі нәтижесінде түзілетін 16 миллион тоннадан астам химия өнеркәсібінің қалдықтары (фосфогипс), жинақталған.

Экология департаментінің мәліметі бойынша, ауданы 25 га бірінші үйінді жобалық деңгейге дейін толтырылды, ал екінші үйіндіге 28 га фосфогипс орналастырылды.Қауіпті қалдық жасанды үйінділердің үлкен тауларына үйіліп, қаланың көркіне түс қоспай, адам денсаулығына, жер асты су ресурстарына кері әсерін тигізуде.Қоршаған ортаға зиянын тигізіп жатқан осынау үйілген тауларды көру өте жағымсыз.

Фосфогипстің зияндылығы оның құрамында ауыр металдар мен радиоактивті элементтердің арқасында қоршаған ортаны ластауда. «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытының үйінділері топырақ пен суды ластауы мүмкін, бұл өз кезегінде адам денсаулығы мен экожүйеге кері әсерін тигізеді.

Үйінділердің өз шегінен шығып, қалдықтардың нормадан тыс шығарылып жатқаны көзге көрініп тұр. Бірінші үйіндіде жобалық деңгейде 25 га дейін қалдықтар толтырылғандықтан бұл аумақты қайта пайдалануға болмайды. Көрнекі түрде түсі бойынша ерекшеленетін фосфогипстің қосымша орналасуы бар.

2023 жылы халық қалаулыларымен және «Аманат» партиясы фракциясының өкілдерімен өткен кездесуде аптап ыстықта жел қалаға бағытталғанда фосфогипс үйінділерінің барлық шаң-тозаңы ұшып жиналатын әсері мәселесі көтерілген болатын. Құрамындағы зиянды заттар көшелерде, үйлерде және қоғамдық демалыс орындарында шоғырланған. Қала тұрғындары және жақын маңдағы ауылдар тұншығып жатқаны туралы айтылуда.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.