Жыл басынан бері 1 мыңнан астам қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері анықталды


Новости / 23 авг 2024 12

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовтың айтуынша, осы уақыт аралығында қызмет көрсету барысында азаматтардан негізсіз артық құжат талап етуге байланысты 800-ден астам факті әшкереленді. Қызмет уақытылы көрсетілмей, азаматтарды әуре сарсаңға салу фактілері 18 мыңнан асып отыр.

«Аталған бұзушылықтар негізінде, 900-ге жуық лауазымды тұлға тәртіптік, 259-ы – әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың құқықтары толығымен қалпына келтірілді. Атап айтқанда, бұлар 1 млрд тенгеден астам түрлі субсидияларға, 400-ге жуық жер телімдеріне рәсімдеу құқықтарын қалпына келтіруге және тағы басқа игіліктерге қол жеткізумен байланысты», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. (Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.