ТЖМ табиғи өртпен күресу үшін жаңа технологиялар мен стратегияларды енгізіп жатыр


Новости / 30 июл 2024 18

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов биыл табиғи өртпен күресу тәсілдеріне айтарлықтай өзгерістер енгізілгенін айтты. Үкімет отырысындағы баяндамасында ол министрлік өрттің алдын алуға және ошақтарды ерте анықтауға баса назар аудара отырып, өртке қарсы жедел әрекет ету шараларын толығымен қайта қарағанын жеткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жағдайға мониторинг жасау мен жедел ден қоюды жақсарту үшін жаңа технологиялар мен жүйелер енгізілді.

«Тәулік бойы өрт жағдайына мониторинг жүргізіп отыру үшін “Ертіс орманы”, “Бурабай”, “Семей орманы”, “Медеу”, сондай-ақ Қостанай облысы орман шаруашылықтарының бейнебақылау жүйелері Министрліктің Дағдарыс орталығына қосылған. Сондай-ақ “Орман” және “Табиғат” жүйелері біріктірілген. Сонымен қатар найзағайдың белсенділігі мен термалды нүктелер туралы мәліметтерге талдау жасау арқылы өрттің тұтануына ден қойылады», — деп атап өтті Ш. Әрінов.(Дереккөз:ortcom)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.