Түркістан: Сайрамда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті


Общество / 18 сен 2023 17

Сайрам ауданында «Еңбек күні» мерекесіне орай Мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге 96 мекемеден 726 бос жұмыс орны, бұдан бөлек 35 жасқа дейінгі азаматтарға жастар практикасы бойынша құрылған 539 уақытша жұмыс орны ұсынылды, деп Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметы хабарлайды.

-Іс-шараға 240-қа жуық азамат қатысып, әртүрлі сала бойынша жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Соның ішінде 108 азамат жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Жәрмеңкеге қатысқан «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының хатшысы Қуаныш Сыздықов облыстық маслихатының депутаттары Нұржан Жамалбеков мен Сайдирасулхан Ералиев өткізіліп жатқан жәрмеңкемен танысып, келген азаматтарға мұндай мүмкіндіктерді құр жібермеуге, шараға белсенді түрде қатысуға шақырды. Айта кетейік, бос жұмыс орындарының ішінде білім мен кәсіпкерлік саласына сұраныс көп.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.