Су айдындарында қосымша 200 жылжымалы құтқару бекеті салынады


Новости / 10 июн 2026 32

Адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су айдындарында жаппай демалуға арналған 733 рұқсат етілген орын айқындалды. Оның ішінде 257 коммуналдық және 433 жекеменшік жағажай, спорт пен туризмге арналған 19 орын, сондай-ақ өзге мақсаттағы 24 орын бар. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, елімізде 50 мыңнан астам су айдыны бар.

«Азаматтардың судағы қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін тәулік бойы Министрліктің 50 құтқару станциясы мен су айдындарының қауіпті учаскелерінде қосымша орналастырылған 200 жылжымалы құтқару бекеті жұмыс істейтін болады. Жалпы қабылданған шаралардың нәтижесінде өткен жылы 276 адам, оның ішінде 85 бала құтқарылды. Қолайлы туристік ахуал қалыптастыру мақсатында өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп, су айдындарындағы қауіпсіздік инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту шаралары жүзеге асырылуда», - деді спикер.

Министрлік өңір әкімдіктерімен бірлесіп, демалушылар ең көп келетін орындарда құтқару станцияларын салу және оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.