Семей орманы шаруашылығына техникалар берілді


Экология / 16 окт 2023 224

Ағымдағы жылы қалыптасқан жағдайды дұрыстау мақсатында техниканы жаңартуға 13,4 млрд. теңге бөлінді

-Биылғы жазда Семей орманында алапат өрт орын алғанын баршаңыз білесіздер. Орман саласының 15 қызметкері тілсіз жаудың құрбаны болды. Үлкен алқапта болған өрттің бірден бір себебі табиғатты қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін техникамен қамтамасыз етудің төмен деңгейі, атап айтқанда 70% деңгейінде ғана қамтамасыз етілген. Ал қолданыстағы техниканың 60%-дан астамы есептен шығаруға жатады.

Мысалы, Семей орманында 65 өрт сөндіру машинасының 30 машинасы 1971-2003 жылдар аралығында шығарылған (бірқатар модельдер өндірістен алынған). 1974 жылы шыққан ГАЗ-66, 1973 жылы шыққан Урал-375 және 1980 жылы шыққан ЗИЛ-131 экспонаттары пайдаланылып жүр.

Ағымдағы жылы қалыптасқан жағдайды дұрыстау мақсатында техниканы жаңартуға 13,4 млрд. теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін табиғат қорғау мекемелеріне 29 өрт сөндіру автомашинасы, 59 орман өртін сөндірудің шағын кешені, 151 трактор, 58 патрульдік көлік жеткізілетін болады. Оның ішінде, Семей орманына 10 өрт сөндіру машинасы, 14 орман өртін сөндірудің шағын кешені, 8 өрт сөндіру прицепі жеткізіледі.

«Ақ Ертіс» қоғамдық қоры ағымдағы жылы Семей орманына 5 орман өртін сөндірудің шағын кешені, өрт сөндіру автомобильдеріне арналған 15 мотор және 20 мотопомпаны берді, тағы 4 өрт сөндіру автокөлігін беру жоспарланып отыр.

Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасының техникалық көмек көрсету аясында 330 радиостанция мен 150 автомобиль антеннасы алынды. Бұдан басқа, Үкіметтің резервінен 4400 өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн.теңге бөлінді.

Бес жылда (2023-2027жж.) Үкімет қабылдаған Азаматтық қорғаудың кешенді жоспарына сәйкес табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін жарақтандыруға 68 млрд. теңге бөлу көзделген.

Орман өртімен күрестің тиімділігін арттыру үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, табиғат қорғау мекемелерінің тиістілік нормативтері қайта қаралып жатыр.

Қажетті техника мен жабдықтардың тізбесіне орман шаруашылығы саласындағы қазіргі заманғы технологиялар енгізілген. Премьер-министрдің бірінші орынбасарының тапсырмасына сәйкес техника паркін жаңартуды жеделдету мақсатында қаржы лизингі құралын қолдану мәселесі пысықталуда.

Бүгінгі күні Үкімет орманның өрт қаупі жоғары учаскелерінде өртті ерте анықтау жүйесін орнатуды мақұлдады. Осы орайда орманды бақылау және өртті ерте анықтау үшін Министрлікте Ахуалдық орталық құру жоспарлануда.

Бұл жүйенің енгізілуінің заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікке қарсы күресте маңызы зор.

Жалақыны көтеру мәселесіне келсек, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік орман қорғау мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 100%-ға көтерілді.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.