Мұнай-газ келісімшарттарының 72%-ы үш негізгі мұнайлы өңірде шоғырланған


Новости / 08 июл 2026 4

Бүгінгі таңда көмірсутектер саласында 317 жер қойнауын пайдалану келісімшарты қолданыста. Олардың басым бөлігі еліміздің үш негізгі мұнайлы өңірде шоғырланған: Атырау облысында – 89 келісімшарт, Маңғыстау облысында – 72 келісімшарт және Ақтөбе облысында – 66 келісімшарт бар. Бұл елдің барлық келісімшарттарының 72%-ын құрйды және аталған өңірлердің мұнай-газ саласындағы стратегиялық маңызын көрсетеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров хабарлады.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында 41 келісімшарт жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Каспий теңізінің қазақстандық секторында 5 келісімшарт қолданыста. Қолданыстағы келісімшарттардың ішінде 179-ы өндіруге, 135-і барлау және өндіруге, үшеуі тек барлауға арналған.

«2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік балансында 4,2 млрд тонна мұнай қоры, 1,7 трлн текше метр еркін газ қоры және 2 трлн текше метр еріген газ қоры болды. 2020-2025 жылдары көмірсутектер саласына 41,3 трлн теңге инвестиция салынды. Ал 2026 жылы тағы да 350 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл қаражат геологиялық барлауға, өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңа технологияларды енгізуге бағытталады», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.