«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді


Новости / 26 дек 2024 14

Мемлекет басшысы Заңға биыл 1 шілдеде қол қойды. Заң жаңа мемлекеттік сатып алу жүйесін құруға бағытталған және онда бағаға емес, сапаға басымдық берілген. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил хабарлады. Оның айтуынша, еліміздің мемлекеттік сатып алу жүйесі 100% электрондық форматқа көшірілген.

«Электрондық порталда 24 мың тапсырыс беруші және 117 мың әлеуетті тауар жеткізуші тіркелген. Мемлекеттік сатып алу жоспары 9,3 трлн, ал осы күнге дейін өткізілген мемлекеттік сатып алу көлемі 8,8 трлн. Оның ішінде, бір көзден сатып алу көрсеткіші – жалпы мемлекеттік сатып алу көлемінде 23 пайызды құрап отыр», - деді спикер.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.