Мемлекеттік кірістер комитетінде бейнеқоңырау арқылы кеңес беруді бастайды


Экономика / 13 окт 2023 20

Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 16-қазанынан бастап Комитеттің «Байланыс орталығы» салық төлеушілерге кеңес беруді бейне байланысы арқылы көрсетудің пилоттық жобасын іске қосады.

Жобаның мақсаты – арнайы Qr-кодты басу арқылы немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz порталындағы сілтемесі арқылы немесе Telegram-да Salyqbot-та «Бейнеқоңырау» арқылы түскен қоңырауларды қабылдап, осы бойынша салық төлеушілерге неғұрлым ыңғайлы және жылдам форматта консультациялық қызметтер көрсету.

Сервис абоненттерге бейнеконсультация барысында мәтіндік хабарламалар мен қажетті сілтемелер жіберуге мүмкіндік береді.

Біз сіздің салық міндеттемелеріңізді орындау процесін қарапайым, ыңғайлы және қол жетімді етуге тырысамыз.

Байланыс орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

йцу.jpg

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.