Мемлекеттік кірістер комитеті cалықтық хабарламалардың SPAM-таратылуы туралы ескертті


Экономика / 10 окт 2023 23

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің электрондық поштасына камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жаппай таратудың жиілеп кеткен жағдайларына қатысты келесіні хабарлайды.

Салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай тәсілдермен жіберілуі мүмкін: 1) пошта арқылы пошта ұйымы арқылы тапсырыс хатпен; 2) веб-қосымшаға және (немесе) арнайы мобильді қосымшаға электрондық тәсілмен; 3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Хабарламаларды жіберудің басқа жолдары қарастырылмаған. Осыған байланысты, осындай ақпараттарды алған кезде сақ болуды сұраймыз. Құрметті салық төлеушілер! Тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жүгінуді сұраймыз!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Фото - ulysmedia.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.