Кеншілер мен металлургтерге арналған жеңілдетілген өңірлік бағдарлама аясында 121 ипотекалық несие берілді


Новости / 15 ноя 2023 19

Қарағанды облысысының орталығында ғана емес, моноқалалар мен аудандарда да тұрғын үйлер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: ortcom.kz

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың мәліметінше, барлығы 392 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 400 мың шаршы метрге жеткізілмек. Бұл кезек санын 700-ге қысқартуға мүмкіндік берді.

«Жас отбасыларға арналған ипотека» бағдарламасы бойынша 153 несие беруді жоспарлап отырмыз. Қазірдің өзінде 97 отбасы бағдарламаны пайдаланып үлгерді. Өздеріңізге белгілі, бізде кеншілер мен металлургтерге арналған жеңілдетілген ипотеканың өңірлік бағдарламасы бар. Сол бойынша 2 млрд теңгеге 121 ипотекалық несие берілді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Дереккөз: ortcom.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.