«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Қарағанды облысына келіп жетті: ғалым және педагогтермен кездесу қалай өтті
«Әділет» партиясының сайлауалды науқаны Қарағанды облысында жалғасты. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Е.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің базасында ғалым, оқытушы, педагог және жергілікті жұртшылықпен кездесті.
Кездесу барысында Құрылтай депутаттығына кандидат Асхат Аймағамбетов, Нұрлан Дулатбеков, Үнзила Шапақ, Никита Шаталов пен Екатерина Смышляева партияның 2026-2031 жылдарға арналған «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Профессорлар мен оқытушылар, педагогикалық және ғылыми ортаның өкілдері, студенттер мен аймақ тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Қарағанды облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев партияның өңірлік филиалдары жанынан тұрақты жұмыс істейтін қоғамдық келісім кеңестерін құруды ұсынды. Тарих пәнінің мұғалімі Өмірсерік Несіпбаев индустриалды аймақта жұмыс істейтін мамандар даярлау керек екенін және кәсіпорындарға жоғары білікті кадрлар даярлау мәселесін қозғады. әсіпкер Наталья Арыстанова бағдарламадағы жас отбасыларды қолдау және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған шараларды күшейтуді ұсынды.

Спорт ардагері Валерий Громов ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының экологиялық жауапкершілігіне қатысты партияның бастамалары туралы сұрады, журналист Ақсая Жалғасова сайлауалды бағдарламаның орындалуына қоғамдық бақылау жасау тетіктеріне қызығушылық танытты, ал Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жанқашұлы қазақ тіліндегі заманауи зияткерлік әдебиетті дамытуға бағытталған бастамаларды қарастыруды ұсынды.
Өңір тұрғындарының сұрақтарына жауап берген Құрылтай депутаттығына кандидат Үнзила Шапақ партия өңірді дамытудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде креативті экономиканы қарастыратынын атап өтті.
«Креативті индустрияларды дамыту жаңа жұмыс орындары мен жастардың әлеуетін ашуға және өңірдің заманауи экономикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгін біз бағдарламаны ғана емес, сонымен бірге жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыру жолын ұсынып отырмыз», - деді Үнзила Шапақ.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы тақырыбын жалғастырған Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева өнеркәсіп саясатына, моноқалаларды дамытуға және отандық өндірісті қолдауға арналған бағдарламаның негізгі ережелерін таныстырды.
«Біздің индустриялық саясатымыздың негізінде шикізаттық модельден жоғары қосылған құны бар экономикаға көшу жатыр. Соның жарқын мысалының бірі – бүгінде Саран қаласының экономиканы әртараптандыру бағытындағы тәжірибесі. Сондықтан моноқалаларды дамыту бағдарламамызда жеке блок ретінде қарастырылған. Біз өнеркәсіпті дамыту отандық өндірушілерді қолдаумен, жаңа жұмыс орындарын ашумен және адамдардың өмір сүруіне қолайлы заманауи инфрақұрылым қалыптастырумен қатар жүруі тиіс деп санаймыз», - деді Екатерина Смышляева.
Кездесу соңында өңір тұрғындарының алдында «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай сөз сөйледі. Ол сайлауалды бағдарламаның цифрлық платформалар мен азаматтардың өз ұсыныстары негізінде әзірленгенін атап өтті.
«Біз әрбір азамат өз пікірін білдіріп, ұсынысын енгізе алуы үшін цифрлық платформаларды пайдаландық. Бағдарламада нақты мақсаттар белгіленген: бір миллион сапалы жұмыс орнын құру, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін және одан да жоғары деңгейге жеткізу, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 95 пайызға дейін арттыру. Біз үшін бұл көрсеткіштердің жай ғана абстрактілі сандар болып қалмағаны маңызды. Біз орындалмайтын уәде бермейміз. Орындауға да, тексеруге де болатын міндеттемелерді өз мойнымызға аламыз», - деді Айбек Дәдебай.
Кездесуді қорытындылаған партия төрағасы Республикалық сайлауалды штаб өкілдері Қарағанды облысы тұрғындарының ұсыныстарын жан-жақты зерделегенін айтты. Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, өндірістерді жаңарту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері талданып, партияның алдағы жұмысында ескеріледі.
Дәл осы күні Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қаныш Төлеушин, Еркебұлан Ілиясов, Рауан Кенжеханұлы, Айсұлу Сүлейменова және басқа да кандидаттар кәсіпкерлермен, IT-қоғамдастық өкілдерімен, TEN QOGAM әлеуметтік бейімдеу орталығының қатысушыларымен және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының өкілдерімен де кездесу өткізді. Партия өкілдерінің Қарағанды облысындағы кездесулері жалғасып жатыр.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.