«Әділет» партиясы «Есіктен есікке» акциясы аясында 900 мыңға жуық тұрғынмен кездесу өткізді


Новости / 06 авг 2026 28

«Әділет» партиясы сайлауалды науқан аясында еліміздің барлық өңірінде «Есіктен есікке» акциясын жалғастырып жатыр. Бүгінге дейін бұл іс-шара еліміздің әр аймағында 900 мыңға жуық адамды қамтыған. Ал Батыс Қазақстан облысы бұл бастамаға белсенді атсалысып, акцияға қатысқан тұрғындар саны бойынша көш бастап тұрған өңірлердің қатарында.

«Есіктен есікке» акциясы аясында сайлауалды штаб мүшелері, кандидаттар, еріктілер мен партия белсенділері көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тұрғындармен кездесіп, жер үйлер мен пәтерлерді аралап, жұмыс жүргізуде. Тұрғындармен кездесуде партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері жинақталып жатыр. Бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысында 50 мыңнан астам тұрғынмен жүздесу өткен.

DSC04357.jpg

Акция барысында тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылып, олар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап ала алады. Сондай-ақ штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік, экономикалық және өңірлік даму бағыттары жөнінде жан-жақты мәлімет береді.

DSC04385.jpg

Өңір тұрғындары өз кезегінде қала ішіндегі жолдардың сапасы мен Орал – Атырау автомобиль жолының жағдайына қатысты мәселелерді көтерді. Сонымен қатар зейнетақы мөлшерін ұлғайту, азаматтарды әлеуметтік қолдау тетіктерін арттыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Сайлау науқаны басталғалы бері партияның облыстық сайлауалды штабына тұрғындардан 114 нақты ұсыныс келіп түскен. Партия өкілдерінің айтуынша, сайлауалды кездесулер барысында көтерілген барлық ұсыныс жүйеленіп, алдағы жұмыс барысында ескеріледі.

DSC04387.jpg

«Есіктен есікке» акциясы тұрғындармен тікелей пікір алмасуға, олардың ұсыныс-пікірін тыңдауға және өңірлердегі өзекті мәселелерді айқындауға мүмкіндік беретін маңызды байланыс алаңы ретінде жұмысын жалғастырып жатыр.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.