Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдерге баға индексінің өсу қарқыны төрт есеге төмендеді – Сауда министрлігі


Новости / 26 июн 2026 18

ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтің айтуынша, баға тұрақтылығын қолдау үшін шаралар кешені қабылдануда: мемлекеттік бақылау күшейтілді; Ахуалдық орталық базасында ЕАЭО елдеріндегі баға динамикасын, әлемдік конъюнктураны, сыртқы сауда шешімдері мен логистикалық факторларды талдай отырып, баға белгілеуді болжау жүргізілуде; делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтілді. Бұдан басқа, апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда; көрші елдерден маусымаралық уақытта импорттық жеткізілімдердің «жасыл дәлізі» тетігі жолға қойылды.

«Қабылданатын шаралардың тиімділігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикасымен расталады: 18 маусымдағы жағдай бойынша баға индексінің өсу қарқыны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,3%-дан 1,8%-ға дейін, яғни 4 есе төмендеді. Ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясының серпіні бесінші ай қатарынан баяулауды көрсетіп, 2025 жылғы желтоқсандағы 13,5% - дан мамыр айында 10,7% - ға дейін төмендеді. Бұл ретте барлық азық-түлік тауарлары бағасының айлық өсуі 0,4% құрады, бұл азық-түлік емес тауарлар және ақылы қызметтер бағасының өсу қарқынынан төмен», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.