Болжаудан модельдеуге дейін: Қазақстанда заманауи гидрологиялық құралдар енгізіліп жатыр


Новости / 24 июн 2026 16

Қазақстанда су тұтынуды ерте болжау жүйесін құру және гидрологиялық модельдеудің заманауи құралдарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, коммуналдық сектор және басқа да су пайдаланушылар үшін су қажеттілігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, су ресурстарын ұтымды бөлу құралы пайда болады.

«Осы бағытта Министрлік БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, голландиялық жүйемен бірге жұмыс істейтін TALSIM неміс бағдарламалық кешенін бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. Біз оны Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына бейімдедік. Жүйе су қоймасына келетін су ағынын болжауға мүмкіндік береді. Маңызды элементтердің бірі – «Қазгидромет» РМК гидрологиялық бекеттерінің деректерін пайдалану. Гидропосттармен интеграциялау арқылы модель нақты ақпарат алып, оны өңдеп, әрі қарай талдау мен шешім қабылдау үшін болжамдар қалыптастырады», – деді ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраиымов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар TALSIM жүйесін Tasqyn жүйесімен байланыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта TALSIM моделі Қазақстанның сегіз ірі өзен бассейнін қамтиды. Алдағы уақытта бұл жұмысты елдің барлық негізгі өзендерін қамту арқылы кеңейту жоспарлануда.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.