Қазақстандағы әрбір үшінші оқушы зияткерлік жарыстарға қатысады


Новости / 27 июл 2026 24

Бүгінде Қазақстанда дарынды оқушылармен жұмыс істеудің «анықтау – іріктеу – даярлау – қолдау – дамыту» қағидатына негізделген жүйелі моделі қалыптасқан. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Давлеттің айтуынша, бұл жүйенің басты мақсаты – әр баланың қабілетін дер кезінде анықтап, оны дамытуға қажетті мүмкіндіктер жасау және тұрғылықты жеріне немесе білім алып жатқан оқу орнына қарамастан жоғары нәтижеге жетуіне жағдай қалыптастыру.

«Бүгінде Қазақстандағы әрбір үшінші оқушы түрлі зияткерлік жарыстарға қатысады. Бұл олимпиадалық қозғалыстың кең қанат жайғанын және дарынды жастарды анықтаудағы маңызды рөлін көрсетеді. Биылғы оқу жылында ғана республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 320 мыңнан астам жоғары сынып оқушысы қатысты. Бұл – дарынды әрі ынталы оқушыларды ерте кезеңнен анықтауға мүмкіндік беретін ауқымды іріктеу жүйесінің алғашқы сатысы», – деді спикер.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.