Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын өздігінен қалай тексеруге болады?


Новости / 10 ноя 2023 17

2023 жылғы 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың 2-кезеңі аяқталды.

Бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың 2 млн. астам қызметкері ерлі-зайыптылармен бірге алғаш рет Қазақстан Республикасындағы да, шетелдегі де өз активтерін декларациялады. 2-кезеңнің қорытындысы бойынша азаматтардың 98%-ы декларацияны электронды түрде тапсырды. Сонымен қатар, декларацияны мерзімінде тапсыра алмаған жекелеген азаматтар осы бұзушылықты жоюы қажет. Бұл ретте бірінші рет ескерту жасалады. Келесі кезең 2024 жылғы 1 қаңтардан басталады. Осы кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары, соның ішінде қызметін уақытша тоқтатқандар да өз активтерін декларациялайтын болады. Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Болашақта бұл кірістерге салық салу кезінде ескерілетін болады. Осыған байланысты, Комитет азаматтарға декларация толтырылғанға дейін Қазақстанда активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын келесі сайттарға кіріп, дербес тексеруді ұсынады:

1) бағалы қағаздар бойынша https://portal.kacd.kz;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша https://homeportal.kz; https://www.gov.kz/services/3910?lang=ru;

3) зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бойынша https://gosreestr.kazpatent.kz;

4) сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша https://egov.kz/cms/ru/services/pass077_mu;

Дебиторлық/кредиторлық берешектің (қарыз шартының) болуы бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жіберу қажет. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.