3,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымы өкілдері бас қосқан форумда «Әділет» партиясы цифрлық бастамаларын таныстырды


Новости / 07 авг 2026 27

«Әділет» партиясы Шымкентте «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасындағы цифрландыруға қатысты бастамаларын таныстырды. Құжатта қазақстандықтарды жасанды интеллектіні қолдануға жаппай үйрету, жаңа экономикаға қажетті мамандар даярлау, ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен қамту аясын кеңейту және азаматтардың дербес деректерін қорғауды күшейту көзделген.

Партияның сайлау науқаны аясындағы негізгі жиындарының біріне еліміздің барлық өңірінен «Әділеттің» 3,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымының өкілі жиналды. Форумда Құрылтай депутаттығына кандидаттар партия бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, бастауыш партия ұйымдарының сайлау науқанындағы рөлі мен партия бастамаларын жүзеге асырудағы міндеттерін талқылады.

Форумның ашылуында сөз алған партия төрағасы Айбек Дәдебай бастауыш партия ұйымдары партияның негізгі тірегі әрі халықпен тұрақты байланысты қамтамасыз ететін басты буын екенін айтты.

photo_2026-08-07 13.44.10.jpg

«Бастауыш партия ұйымдары – партиямыздың халыққа ең жақын бөлігі. Дәл осы жерде азаматтардың сұранысы тыңдалып, ең өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің жолдары бірге қаралады. Партияға деген сенім деңгейі сіздердің күнделікті жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сайлау науқаны кезінде, бастауыш партия ұйымдары партия мен сайлаушылар арасындағы басты байланыстырушы буынға айналып отыр», – деді Айбек Дәдебай.

Мұндай ауқымды жиынның Шымкентте өтуі де кездейсоқ емес. Бүгінде 1,3 миллионнан астам тұрғыны бар шаһар – еліміздегі ең ірі әрі қарқынды дамып келе жатқан қалалардың бірі. Қаланың экономикасы да тұрақты өсім көрсетіп отыр.

photo_2026-08-07 13.44.13.jpg

Партия бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – цифрлық даму. Бұл саладағы партияның негізгі басымдықтарын Құрылтай депутаттығына кандидат Бағдат Мусин таныстырды. Оның айтуынша, заманауи технологиялар тек IT мамандарына ғана емес, қазақстандықтардың барлығына қолжетімді болуы керек.

«Бағдарламада бес миллион қазақстандықты жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларына оқыту, AI және deeptech салаларында 100 мың маман даярлау, Мамандықтарды трансформациялау ұлттық орталығын құру көзделген. Сонымен қатар, 2027 жылға қарай ауыл тұрғындарының кемінде 97 пайызы сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі», – деді Бағдат Мусин.

Партия өкілдері бұл бастама тек танымал нейрожелілерді қолдануды үйретумен шектелмейтінін атап өтті. Жасанды интеллект қазірдің өзінде еңбек нарығына өзгеріс енгізіп жатыр. Сондықтан ел экономикасының жаңа талаптарына сай мамандарды алдын ала даярлау қажет. Осы мақсатта бағдарламада Кәсіптерді трансформациялау ұлттық орталығын құру ұсынылып отыр. Мұндай орталық қазақстандықтарға заман талабына сай жаңа дағдыларды меңгеруге және еңбек нарығындағы өзгерістерге тез бейімделуге көмектеседі.

photo_2026-08-07 13.44.37.jpg

Бағдарламадағы тағы бір маңызды бағыт – цифрлық қауіпсіздік. «Әділет» партиясы азаматтардың мемлекеттік және коммерциялық онлайн сервистерді пайдалану кезінде дербес деректерін сенімді қорғауға мүмкіндік беретін қауіпсіз цифрлық кеңістік құруды көздейді.

Партия өкілдерінің айтуынша, бұл бастамалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы бастамасымен үндес. Сонымен қатар заманауи технологияларды экономика мен мемлекеттік қызметте ғана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты дамыту үшін де қолдану ұсынылып отыр. Бұл халықпен байланысты барынша ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.

photo_2026-08-07 13.44.39.jpg

Мәселен, Қызылорда облысындағы «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрағасы Жанарыс Түбекбаев өңірлерде цифрлық құралдарды үйрететін шеберханалар ашып, студенттер мен жас IT мамандардан құралған цифрлық еріктілер тобын құруды ұсынды. Оның айтуынша, олар өз елді мекендеріндегі нақты мәселелерді заманауи технологиялардың көмегімен шешуге көмектесе алады.

Ал «Жетітөбе» бастауыш партия ұйымының төрағасы Самал Байкеева партия ұсынған бастамалардың жүзеге асу барысын тұрғындар онлайн режимде бақылай алатын жүйе құруды ұсынды.

Осылайша, бағдарламадағы цифрлық бастамалар бірнеше өзара сабақтас міндетті қамтиды. Олар – жасанды интеллектіні қолдану дағдыларын дамыту, жаңа экономикаға қажетті кадрларды даярлау, ауылдарда интернет инфрақұрылымын жақсарту, дербес деректерді қорғау және азаматтармен барынша ашық өзара байланыс орнату.

photo_2026-08-07 13.47.08.jpg

Саясаттанушы, Qazaq Expert Club сарапшысы Гүлмира Сұлтанбаева цифрландырудың пайдасы озық технологияларды енгізумен ғана өлшенбейтінін айтады. Оның пікірінше, цифрлық шешімдер ең алдымен мемлекеттік қызметтерді халыққа қолжетімді әрі ыңғайлы етіп, мемлекет жұмысының ашықтығын арттыруы керек.

«Цифрлық құралдар мемлекеттік үдерістердің ашықтығын арттырып, азаматтардың шешім қабылдау процестеріне қатысуын және қоғамдық бақылау мүмкіндігін кеңейте алады. Осы тұрғыдан алғанда, бағдарлама технологияны цифрландырудың өзі үшін емес, азамат пен мемлекет арасындағы байланысты жақсартудың нақты құралы ретінде пайдалануды ұсынады», – дейді Гүлмира Сұлтанбаева.

«Цифрлық технологиялар мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттырып, азаматтардың қоғамдық процестерге қатысуына және мемлекеттік шешімдерді бақылауына мүмкіндік береді. Сондықтан озық технологияны цифрландырудың құралы ғана емес, мемлекет пен азамат арасындағы байланысты жақсартатын нақты құрал ретінде қарастырған жөн», – дейді Гүлмира Сұлтанбаева.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.