Зиянды медициналық қалдықтарды дұрыс жоймаған екі облыстың ауруханалары анықталды


Новости / 04 дек 2023 15

Алматы облысы Қаратал ауданы прокуратурасы «А, Б» санаттарындағы адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті медициналық қалдықтарды зарасыздандыру және жою кезінде ереже талаптары сақталмағанын анықтады.

Осындай заңбұзушылықтар Бастөбе ауылдық округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны маңында тіркелді. Дәл осы жерде Алматы мен Жетісу облыстарының денсаулық сақтау мекемелері медициналық қалдықтарын төгіп, заңсыз жинағаны анықталды.

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес, медициналық қалдықтарды полигонда зарасыздандыруға тыйым салынған және ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК 344-бап) .

Қатысы бар тұлғаларды анықтау және оларға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін аталған дерек Қаратал ауданының полиция бөлімінде тіркелді. (Дереккөз: kaz.inform)

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.