Әзірше белгісіз инвесторларға 100 000 гектар жер берілмек


Новости / 14 ноя 2023 44

Киіктерге байланысты Қытайларға жер беріледі деген ақпарат қаншалықты шындыққа сай, егер шын болып шықса қанша жер көлемі өзге ұлт инвесторларына берілу жайлы сұрақ халық арасында тарап жүр. Осыған орай Нариман Төреғалиұлы өз жауабын берді.

Дереккөз: ortcom.kz

“Біз қазір инвесторлар іздеудеміз. Ол Қытай бола ма, басқа мемлекеттен бола ма әлі белгісіз. Бізге инвестор жақсы шартпен келсе, біз оны қабылдаймыз. Қытайдан азаматтар келіп, киіктердің етін терең өңдеу туралы өз ойларын айтты”-, деп жалпы жағдайды әкім сипаттады.

Ең алаңдататын жер мәселесі жайлы халықтан алаңдамауын сұрайды,әкімнің айтуынша өндіріске арналған жерге инвесторлардың ешқандай хақысы жоқ.

“Біздің шарт бойынша компания біздің облысқа тіркелуі керек,салық та бізге түсуі керек. Жұмыс істейтін адамдар сол облыстан болуы керек. Мойынына алған шарттар міндетті түрде орындалуы қажет. Орындалмаған жағдайда жерді кері қайтып аламыз. Келіскен жағдайда 100 000 гектар жер берілмек. Қорқудың қажеті жоқ, жерді алып кете алмайды, сата да алмайды. Жер тек қана уақытша берілетін болады. Инвестиция тарту - басты мәселе”-, деп өз сөзін аяқтады.

Дереккөз: ortcom.kz

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.