Жылумен жабдықтау ұйымдарына арналған мазуттарды жөнелтуге басымдық беріледі


Новости / 12 дек 2023 18

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 24-бабының 4-тармағына сәйкес жыл сайын 31 қазан мен 1 наурыз аралығында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер мұнай өнімдерін сату кезінде жылумен жабдықтаушы ұйымдарға басымдық беруге міндетті. Мазутты жөнелту мұнай өңдеу зауыттарына түскен ЖЭО операторларының өтініштері, ақы төлеу және теміржол вагондарын жеткізу негізінде басым бағытта жүзеге асырылады.

2023ж. қыркүйек – 2024 ж.ақпан айына барлығы 278,6 мың тоннаны жөнелту жоспарланған. Бүгінгі таңда 278,6 мың тоннаның 92,7-і немесе 33,2 пайызы жөнелтілді, оның ішінде:

  • қыркүйек – 16,1 соның ішінде 16,9 мың.т., немесе 95,3%;
  • қазан – 46,2 соның ішінде 73,9 мың.т., немесе 62,5%;
  • қараша – 25,3 соның ішінде 46,6 мың т., немесе 54,3%; – желтоқсан – 5,1 соның ішінде 40,9 мың т. немесе 12,4 %. Бағасы – 115 мың теңге/тонна МӨЗ «қақпасында» (ҚҚС-ты ескере отырып, FCA шарттары бойынша – тиеу станциясы). 10 желтоқсанда ҚМГ мен Петросун төлемсіз және кестеден тыс қосымша 747 тонна мазут жөнелтті, оның ішінде:
  • 370 тонна - «Bassel Group LLS» ЖШС, Теміртау қ.;
  • 377 тонна - «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС, Екібастұз қ. Қажет болған жағдайда Энергетика министрлігі жылу электр орталығына мазуттың қосымша көлемін бөледі.Қажет болған жағдайда Энергетика министрлігі жылу электр орталығына мазуттың қосымша көлемін бөледі.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.