Жыл басынан бері ішкі істер органдары 1885 есірткі қылмысының жолын кесті


Новости / 02 июл 2026 10

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов есірткі қылмысына қарсы күрестің нәтижелері туралы хабарлады.

Оның айтуынша, 6 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 1 трансұлттық топ жойылды, 9 ұйымдастырушы мен 29 белсенді қатысушы ұсталды.

«Киберқадағалау» жүйесіне 15 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс бұғаттауға жолданды. Ұлттық банкпен бірлесіп 135 млн теңгеге транзакциялар тоқтатылды. 177 мың шетелдік төлем картасы бұғатталды. Есірткі өткізуден түскен кірісті «жылыстатуды» анықтау үшін 26 мың криптоәмиян Қаржылық мониторинг агенттігіне тексеруге жіберілді. 580 кг синтетикалық есірткі, 12 тоннадан астам прекурсор тәркіленді», – деді полиция полковнигі.

Бұл ретте синтетикалық есірткі өндіру ауылдық жерлерге ауысқаны атап өтілді. Қуандық Әлжановтың айтуынша, синтетика өндірумен айналысқан 15 есірткі зертханасының шамамен 70%-ы шалғайдағы ауылдарда орналасқан.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.