Жоғары Сот Кеңесі конкурстық іріктеу мерзімін төрт есеге қысқартты


Новости / 03 июл 2026 10

Жоғары Сот Кеңесі конкурстық іріктеуді ұйымдастыру тәртібін қайта қарап, бір конкурсты өткізу мерзімі 6 айдан 1,5 айға дейін, яғни 4 есеге жуық қысқартты. Бұл ретте кандидаттарға қойылатын барлық талаптар толық көлемде сақталады.

«Жұмысты жаңа форматта ұйымдастырудың нәтижесінде 2025 жылы Жоғары Сот Кеңесі алты конкурстық рәсімді аяқтады. Бұған дейін бір жыл ішінде екі-үш конкурс қана өткізілсе, 2025 жылы 796 судьялық лауазымды толықтыруға арналған алты конкурстық рәсім аяқталды. Бұл жұмыс биыл да қарқынды жалғасуда. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 295 бос судьялық лауазымға бес конкурс жарияланды. Бүгінде олардың 143-і бойынша шешім қабылданды. Қалған 152 бос лауазым Кеңестің алдағы отырысында қаралады», - деді ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.