«Жасыл Тараз» мекемесінің жұмысшылары наразылық білдірді
Тараз қаласының көше тазалығына жауапты «Жасыл Тараз» мекемесінің қызметкерлері облыс әкімдігінің алдына жиналды. Олар айлығының қысқарып қалғанына шағымдануда. Жалақы мәселесі бойынша жұмысшылар бірнеше рет әкімшіліктен жауап алуға тырысты. Алайда, жауап жоқ.
«Бұл жұмысшылар мекемедегі Тоқаева мен Әбішев жұмыстан кетсін деп талап етеді. Тоқаева деген – осы «Жасыл Тараз» мекемесінің басшылық құрамындағы қызметкер. Жұмысшылар одан көресіні көрдік дейді», – дейді журналист Нурадин Рақай оқиға орнынан тікелей эфирге шығып.
Жұмысшылардың сөзі бойынша бірнеше рет жалақы мәселесіне қатысты сұрақ қоюға бет алған. Алайда, жауап болмады. Алайда, осы ретте халық наразылық танытты.
«Бұл кісілерге 80 мың теңге мекемеден берілсе, қалған 70 мың теңге жұмыспен қамту орталығынан берілген. Жыл басында, яғни қаңтар мен ақпанда ол жақтан 70 мың теңге төленбейтін болыпты. Сөйтіп, 80 мың теңгеге күндеріңді көріңдер деген. Тұрғындар соған наразы», – дейді журналист.
Мекеме басшылығы жұмысшыларға «Жасыл Тараздың» қарызы барын айтып, уәжін білдірген.
«Былтыр қарыз жабамыз деп, олар бізді штаттан шығарып, қарапайым жұмысшыларды құрбан етті. Сөйтіп, бір жылдан кейін штатқа алатын болған. Ешкімді қабылдаған жоқ», – дейді жұмысшы қауымы.