ҰҚҚ қызметкерлері азаптау бойынша қамауға алынды


Расследования / 28 янв 2023 15

Семей қаласындағы «ФИК-Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» АҚ-нан алтын және құрамында алтыны бар шикізаттарды ұрлап келген ірі ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды деген ақпарат тарағанда, жұртшылықтың бір дүрлігіп басылғаны рас еді

Өйткені, аталған қылмысқа қатысты қарама-қайшы пікірлер ақпарат жарияланған сәттен айтыла бастаған-ды. Бірақ, бұлардың бәрі алып қашпа сөз күйінде қалып қояр ма еді, егерде қамаудағы күдіктілердің тергеу изоляторында бір жыл бойы аяусыз азапталып, қорлықтың небір түрлерін бастан өткеріп жатқандығы туралы ақпарат жетпегенде...Детектив секілді шырғалаңы мол шулы іске күдікті ретінде 37 адамға айып тағылып, олардың 28-і уақытша оқшауландырылған. Айтуларынша оларды бастарына қап кигізіп, қолдарын скотчпен байлап, арнайы ұшақпен Астанаға жеткізген. Жол бойы ұрған. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, күдіктілер үшін жердегі нағыз тозақ Астанаға жеткізілген күннен басталған. ҚР ҰҚК қызметкерлері резіңке дубинкамен, ағаш таяқпен аямай дүрелеп, ауыздарына ыстық су қайнатқыш тыққан. Тәулігіне 20 сағаттан бір орынға қимылсыз тұрғызып, айлап ұйықтатпай қойғандарын айтады. Үстіне суық су құйып, ол аздай жалаңаш күйде аязға шығарып қинаған сәттер де аз болмапты. «Адам ит жанды» деседі. Сол рас-ау! Кеуделерінен ұшып шықпаған жаны шыдағанымен, жүйкелері сыр берген. Туыстары жалдаған адвокаттардан бас тартуға мәжбүрлеп, мемлекеттік қорғаушылар ұсынылған. Осылайша, адам жанын қинауың неше әдістерін қолдана отырып, істемеген қылмысты мойындатқан.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.