World Phygital Community: Астанада әлемдік деңгейдегі спортшылар жиналды


Новости / 28 июл 2026 25

World Phygital Community өкілі Дэвид Фенгтің айтуынша, бірнеше апта бұрын өткен Phygital Contenders турнирінің қорытындысы бойынша «Болашақ ойындары – 2026» жарысына қатысатын командалар мен спортшылардың толық құрамы анықталды.

Бүгінде World Phygital Community фиджитал спортты дамыту бағытында әлемнің 100-ден астам еліндегі ұйымдарды біріктіретін жаһандық желіге айналған.

«Алдағы 12 күн ішінде «Болашақ ойындары – 2026» турнирінде сегіз бағыт бойынша жарыстар өтіп, әлемнің үздік спортшылары жоғары шеберлік, төзімділік және жан-жақтылықтарын паш етеді», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Өткен маусымда спортшылар мен клубтар халықаралық іріктеу турнирлеріне қатысып, өз шеберлігі мен табандылығының арқасында әлемдік додаға жолдама алған.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.