ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ


Общество / 30 мая 2023 12

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Төлеби ауданында «Бала – біздің болашағымыз» атты іс-шара өтті.

Мерекелік шара аясында орталық саябаққа жиналған балалар мальбертке сурет салып, велосипед жарысына қатысты. Барабаншылар шеруі ұйымдастырылып, спорттың таэквондо және дзюдо түрлерінен өнерлерін көрсетіп, асық атудан, ләңгі тебуден, қол күрестен бақтарын сынады. Жасөспірімдер гир көтеріп, арқан тартысты.

Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев балаларды төл мекерелерімен құттықтап, өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында атқарылып жатқан игі істерге тоқталды.

– Баланың болашағына балта шаппау, оларды дені сау етіп өсіру, тәрбие беру – мемлекет алдындағы басты мақсаттың бірі. Елімізде барлық бала тегін білім алумен қатар, денсаулығын сақтау, демалыс күндері уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жазғы кезеңде қала сыртындағы лагерлерге, спорттық және туристік жарыстарға кеңінен тартылуда, – деді ол.

Іс-шара соңында аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров жарыстарда белсенділік танытып, ұлттық ойындардан өткен сайыстарда жүлделі орындарға ие болған балаларды Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Последние новости

Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

Тел: +7 777 471 71 40

e-mail: xaqmedia.kz@mail.ru

Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ74VPY00062329 выдано 30.12.2022

© xaqmedia.kz | Все права защищены.